Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде 14 жастағы аяғы ауыр қыз өзіне қол салмақ болды

Ақтөбеде 14 жастағы аяғы ауыр қыз өзіне қол салмақ болды
ашық дереккөз
Бүгін Ақтөбе облыстық білім басқармасының мамандары әлеуметтік жоба жұмысын нәтижелерімен бөлісті. Белгілі болғандай, 483 жасөспірім маман көмегіне жүгініп, сенім телефондарына хабарласқан

Білім басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, қоңыраву шалған 483 баланың дені ата-анасы мен достарынан қорлық көретінін айтып шағымданған екен.

"Бізге 14 жасында ерте жүкті болған бала хабарласты. Ол ата-анасынан да қолдау көрмеген. Күйзеліске түскен жасөспірім одан шығудың жолын білмейді. Оқушы қыз суицидтің алдында болды. Сенім телефонының мамандары ол баламен бірнеше күн қатарынан сөйлесіп, ата-анасымен арадағы қатынасының дұрысталуына септігін тигізді. Баланың дәрігерге қаралуына да көмектестік",-деді Білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бертілеуова.

Сондай-ақ араларында  әкесінің ішімдікке салынғанын айтатындар да көп.

"Әкесі ішіп келгенін көрген бала қорқып кеткен. Ол бізге шкафтың ішінде отырып телефон шалды. Біз ар жағындағы дыбыстарды естіп тұрғандықтан балаға қорқыныштың жоқ екенін түсіндірдік", - дейді маман

Әлеуметтік орталық биылғы жұмысын бір ай бұрын ғана бастаған. Мамандар жұмыстың жыл ортасынан басталуын мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің кеш жасалғанымен түсіндірді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар