Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанға келе жатқан Қытай танкілері жұрттың үрейін тудырды

Қазақстанға келе жатқан Қытай танкілері жұрттың үрейін тудырды
ашық дереккөз
Желіде Қытай танкілерінің Қазақстан аумағында келе жатқан бейнежазбасы тарап жұртты қызу талқыға салды

Бейнежазбаны тамашалаған желі қолданушылары танкілердің Қазақстанға не үшін,  қандай мақсатпен келгенін түсінбей әлек болды.

Кейін бұл мәселеге қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді. Айтуларынша, Қытай ұлттық азаттық әскері Чубаркуль аймағындағы полигонға Қазақстан арқылы аттанып бара жатқан екен.

Әскердің Қазақстандағы бағыттары Достық-Аягөз-Ауыл-Локоть бекеттері болмақ. Ары қарай олар Ресей аймағына аттанады екен.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері қарулы күштерінің әскері "Бейбіт миссия" оқуын өткізетін орынға баратынын мәлімдеді.

Бұл оқу-жаттығуда Индия мен Қазақстаннан, Қырғызстан мен Қытайдан, Пәкістан мен Ресейден, Тәжікстан мен Өзбекстаннан 3000-нан аса әскер қатысады екен.

Енді Қазақстанның әскери пойызы қажетті құралдармен және техникалармен жабдықталып, 18 тамыз күні оқуға аттанбақ.

 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар