Жүзу спортының жарқын жұлдызын медуза шағып өлтірді
Филиппинде суда жүзуден бірнеше дүркін чемпион атанған жеті жасар Гайя қайтыс болды. Отбасымен суда шомылып жатқан сәтінде оны медуза шағып өлтірді
Қайғылы оқиға отбасылық демалыс кезінде орын алған. Суда жүзіп жүрген жас спортшыға аса қауіпті теңіз жәндігі шабуылдап, оны шағып алды. Гайяны бірден жағалауға жеткізгенімен, оған алғашқы медициналық көмектің көрсететін адам табылмай, жағдайы қиындай түсті.
Жас спортшыны жедел түрде ауруханаға жеткізген кезде, дәрігерлер оның денесіне аллегрияның аса ауыр түрі тарап кеткенін аңғарды. Мамандар медуза тістеп алған қыздың өмірін сақтауға қанша тырысқанымен, Гайя аурухана қабырғасында қайтыс болды.
Қыз бала мемлекеттік және шетелдік бірқатар жарыстардың чемпионы атанған болатын. Қайғылы күн оның демалысының соңғы күні болуы керек еді. Ертесіне ол Италияға аттанапы, жаңа маусымға өз дайындығын бастау керек болған.