Басты жаңалықтар

Қырғызша ән шырқаған Жорабаева халықты таңырқатты (видео)

Отандық әнші Алтынай Жорабаева желіге қырғызша ән айтып отырған видеосын жүктеп, халықтың қошеметіне бөленді

Алтынай Жорабаева  желіге өзінің қырғызша ән айтып отырған бейнежазбасын салып, тыңдарман қауымын таңқалдырды.

"Қайырлы түн баршаңызға (Акценттерімді дұрыстаймын әлі) қырғыз әні. Кем кетігімді міндетті түрде айтсаңыздар. Өйткені Қырғыз ағайындардың алдында ұят болмасын", - деп жазды әнші.

Оның бұрын-соңды қырғызша ән орындағанын көрмеген тыңдармандары Жорабаеваны қолдай кетті.

Желі қолданушылары Алтынайдың дауысына қошемет көрсетіп, ізгі ниеттерін білдірді. Олар: «Күшті», «Өзіңе жарасымды орындадын», «Өте керемет дауысыңыз», «Керемет қызғыздардан асырып айттың», - деп жазды таңданған оқырмандар.

https://www.instagram.com/p/BmblALsFzSb/?utm_source=ig_web_copy_link