Төреғали тоқал аламын деп жұрттың қатал сынына ұшырады
Әнші Төреғали Төрелі тоқал туралы айтамын деп жұртқа жақпай қалды
Төреғали өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жұбайы Толқынмен бірге түскен суретін жариялаған еді. Сол суреттің астына тоқал туралы сөз қозғапты. «Бәйбіше» десем мына әпше намек түсінбейді ғой вапше», – деп жазды Төреш. Бұл жазуды көрген желі қолданушылары әншінің мақтауын асырып, кемшілігін жасырып, 3 қыз сыйлаған Толқындай жары барда тоқал туралы айту артық екенін жазып жатты. «Әйелің өте жақсы адам сияқты. Жұбайыңмен бақытты бол», «Әйелін тастап кеткен әріптестеріңе ұқсамашы, өтініш. Енді бетің бері қарағанда, қайдағы тоқал? Алтындай 3 қызыңның және әйеліңнің көз жасы жібермейді», «Тоқалды қайтесің? Толқыныңа ешкім жетпейді», – деп жазды пікір қалдырушылар. https://www.instagram.com/p/BmankyVgSyE/?utm_source=ig_web_copy_link