Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тимур Сүлейменов: Теңгенің құлдырауы - девальвация емес

Тимур Сүлейменов: Теңгенің құлдырауы - девальвация емес
ашық дереккөз
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңгенің құлдырауына қатысты пікірін білдірді. Министрдің сөзінше, теңгенің әлсіреуіне қарамастан, бюджеттік бағдарламалар еш өзгеріссіз қалады

Бүгінгі  Үкімет отырысында тілшілер Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтен теңгенің құлдырауына қатысты пікірін білді.

"Біздің түсінігімізше, девальвация дегеніміз теңге курсының тым аз уақыт ішінде әлсіреуі болып табылады. Өздеріңіз естіңіздер, бүгін Ұлттық банк теңгенің жыл басынан бастап 4,3 пайызға әлсірегінен жеткізді. Ал, макроэкономикалық тұрақтылыққа қатысты айтар болсақ, ол оған қатты әсер етпейді",-деді министр.

Ұлттық экономика министрі сонымен бірге, теңгенің құлдырауы бюджеттік бағдарламаларға әсер етпейді деп сендірді.

"Теңгенің әлсіреуіне қарамастан, бюджеттік бағдарламалар сол бұрынғысынша өзгеріссіз қалады, себебі біз олардың барлығын тек теңгемен ғана әзірлейміз»"-деді ведомство басшысы.

"Негізінен жыл соңына дейін курстың 363 теңге мөлшерінде сақталуын қадағалайтын боламыз. Өздеріңіз білесіздер жыл басынан бері теңге долларға шаққанда 340 теңгеден асқан жоқ,сондықтан бюджеттік бағдарламалар орындалмай қалады деген қауіп жоқ",-дейді Тимур Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадан бері елімізде теңге құлдырап, оның бүгінгі долларға шаққандағы бағамы 363,22 теңгені құраған еді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар