Басты жаңалықтар

Алматыда іс-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы келіншек өлі күйінде табылды

28 шілде күні жоғалып кеткен Мадина Бәкібаеваның өлі денесі табылды

28 шілде күні банк қызметкерінің жоғалуы туралы ақпарат барлық әлеуметтік желіні шулатқан еді.  Жедел түрде құралған еріктілер тобы мен полицей қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кіріскен еді.  Алайда, жұмыстың нәтижесі он күн бұрын ғана аяқталды.

Алматы ІІД бапсасөз қызметінің ақпаратына сәйкес,келіншектің денесі өлі күйінде табылды. Сараптама жұмыстары көрсеткендей, денесінде  еш зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ .

Десе де, банк қызметкерінің неден қайтыс болғаны әлі белгісіз. Оны сараптама қорытындысы көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетсек, 31 жастағы келіншек 28 шілде күні жұмыстан шығып, үйіне оралмаған еді. Мадинаның артында екі баласы қалды.