Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда белгілі дәрігердің баласын өлтіріп кетті

Алматыда белгілі дәрігердің баласын өлтіріп кетті
ашық дереккөз
Мектепті енді бітіріп, жоғарғы оқу орнына түскелі отырған жас түлекті өлтірген күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Белгілі болғандай, марқұм "Ақсай" университеттік клиникасының бас дәрігер орынбасарының баласы болған екен.

Ал қайғылы оқиға жайлы ҚазҰМУ білім ордасының ресми сайтында хабарланған.  Университет өкілдері ұлынан айырылып қалған бас дәрігер орынбасарына қайғыра көңіл айтқан.

"Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ұжымы бас дәрігер орынбасары Ахашева Шахеризадаға ұлы Жануардың өліміне байланысты қайғыра көңіл айтады. Оны 14 тамыз күні өлтіріп кетті. Осы жазда ол мектепті тәмамдап, университетке түскен болатын.

Барлық ҚазҰМУ ұжымы марқұмның туыстарымен қоса қайғыруда", - деп жазылған университеттіңн ресми сайтында.

Бұл ақпаратты қалалық ішкі істер департаменті растап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады. "Қылмыс жасады деген күдікпен 16 жастағы азамат ұсталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындады», — деген мәлімет берді полициядағылар. Тергеуге байланысты әзірге қылмыстың мән-жайы айтылмай отыр. Полицейлер оқиға орнында не болғанын анықтау үшін күдіктімен жұмыс істеп жатыр. Қылмысқа қатысы бар басқа адамдар да болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша жүргізілуде.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар