Қостанай облысында жүргізуші балақайды қағып өлтіріп, ізін суытқан
Қостанай облысының Рудный қаласында жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті.
Қайғылы оқиға 14 тамыз күні күндізгі уақыттарда аттракциондар маңында болған.
Қайтыс болған балақайдың жасы небәрі 9-да болған екен. Көлік жүргізушісі оны Парковая көшесін жаяу жүргіншілер жолағында кесіп өтпек болғанында қағып өлтірді.
Қыз бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал жүргізуші болса, ізін суытып оқиға орнына қашып кетті.