Басты жаңалықтар

Айару Бақытбек: Қазақ – өзгені сынауға құқығым бар деп ойлайтын халық

Желі қолданушысы: «Айналайын, қазақ деген сөзіңмен бүкіл қазаққа топырақ шашпашы. Бесіктен белің шықпай жатып ақылшысын өзінің».

Баян Алагөзованың қызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттардың ерекшелігіне қатысты жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында ол қазақтардың ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Осы сөзбен келісемін, бірақ әр ұлттың өзіндік ерекшелігі болатыны рас. Басқа ұлттарда кездеспейтін әйтеуір бір ерекшелігі болады. Мен үшін қазақтар өзгені сынауға құқығы бар деп есептейтіндігімен ерекшеленеді. Әрбір екінші адам өзінің пікірін алтынмен теңестіреді. Біз солай тәрбиеленгенбіз. Виртуалды әлемде, тіпті, шек деген нәрсені білмей кеттік. Бұл тәрбиемен байланысты ма? Бәлкім мемлекетіміздің жағдайымен байланысты шығар? Абсолют тізбек. Адамдар өзгелерді жек көреді. Олардың ісіне кірісіп, өздері қалаған нәрселерін ғана көреді. Осы жазбаның астында қандай пікірлер жазылады деп ойлайсыз? Бұрынғысынан бетер жаман. Неге? Себебі, адамдар шындықты көтере алмайды. Бұл постты жазуыма жұрттың пікірінен бойы дірілдеген танымал қыз себепші болып отыр. Ол, тіпті, шыдамай ешкімге зияны жоқ жазбасын өшіруге мәжбүр болды. Бәріңізде сезім бар және әрқайсыңыз адамның хейтті қалай қабылдайтынын жақсы білесіз. Ал мен «инстаграмды» 5 жылдан бері қолданып жүргендіктен, бойым үйреніп қалды», - деп жазды Айару Бақытбек. Бойжеткеннің пікірі өзі болжағандай көпшіліктің көңілінен шықпады. Арасында жақтап сөйлеп, қолпаштағандар да болды. «Айналайын, қазақ деген сөзіңмен бүкіл қазаққа топырақ шашпашы. Бесіктен белің шықпай жатып ақылшысын өзінің», «Мысалы, мен көп адамға сыни пікір жазбауға тырысамын. Себебі, өзімнің де балаларым өсіп келеді», «Өте дұрыс жаздың», «Жақсы нәрсе айттым деп ойлап тұрсың ба?» деп жазды желі қолданушылары.