Хит болды: Елімізде мұсылмандық танысу сайттары халық арасында белең алып жүр
Желі арқылы жүрегінің жартысын табу бүгін жаңашылдық емес. Бірақ соңғы уақытта танымал болып кеткен мұсылмандық тансысу сайттары халықты таңғалдырды
Елімізде дін жолын қуып, бес уақыт намазын уақытылы оқып ислам жолында жүрген мұсылмандарға арналған танысу сайттары халықты қызықтырды. Қолднушылардың айтуынша, бұл сайттың ерекшелігі, сіз ең алдымен өзіңізге қажетті мазхабыңызды жазуыңыз қажет.
Содан соң өзіңіз туралы қысқаша ақпарат пен дін жолын ұстағаныңызға қанша уақыт болғанын дакөрсетесіз.
Айта кетейік, мұсылмандардың танысу сайтында жасы 40-тан асқан еркектер намаз оқи алатын келіншектерге жиі іздеу салады. Олардың айтуынша, мұнда екінші әйел болуға жарайтын әйелдерді тауып алуға болады.
Сайттағы хабарландырулардың дені осы іспеттес.
Мәселен Бауыржан есімді сайт қолданушысы: «Ассаламуалейкум уа рахматуллах бауырлар. Тараз қаласынан оранған әйел іздеймін. Абу Ханифа масхабы. Жасым 42-де, екінші әйелім болады», - деп жазған.
Мұсылмандық танысу сайтында жалғызбасты, балалы әйелдер де аз емес. Тіпті көпшілігі екінші әйел болуға дайын екенін ашық көрсетіп жазған. Олар күйеу іздеуде ең бастысы болашақ жарының діндар болуына назар аударады.