Басты жаңалықтар

Айнұр Ілиясова: Күйеуім менің актриса екенімді білмеген

Айнұр Ілиясова Нұртас Адамбаевтың бірнеше фильмінде бой көрсеткен еді.

«Сәбина келіннің» жан құрбысы болған Айнұр Ілиясова алғаш рет сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді. Бірнеше жыл бұрын ол өзіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған жігітінің жол апатынан қайтыс болғанын айтқан еді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Күйеуіммен қалай танысқаным туралы сіздерге айтып бергім келіп тұр. Бұл 4 жыл бұрын болған еді. Мен #facebook  желісінде өте белсенді болдым. Ол маған дос болуға ұсыныс жіберді. Айтпақшы, ол менің актриса екенімді мүлдем білмеген екен. Менің кезекті постыма пікір жазып, кейін жекеме жазды. Көп жазысып жүріп ақыры кездесуді жөн көрдік. Ол маған қызықты болып көрінді, кейін екеуіміз қыз-жігіт болып кездесе бастадық. Яғни осылай «қақпанға» түстім. Ал сіздерде қалай болды? Айтып беріңіздерші», - деп жазды актриса. Көпшілік өз махаббат хикаяларының да осы жағдайға ұқсас болғанын жеткізді.