Онға жуық жұп үйленді: ел жақтырмайтын "Қалаулымның" редакторы өз ісін мақтан көретінін айтты
Көпшілік тура осы бағдарламаның қоғамға берер пайдасынан зияны көп деп бірнеше рет бас көтергенімен, еш өзгеріс болған жоқ. Керісінше бағдарлама ұжымы жаңа маусымға ерекше дайындалып жатқандарын жар сала жариялады.
Халықтың арасында біраз шу шығарған "Қалаулым" жобасының екінші маусымы басталғалы отыр. Кезекті маусымның ерекшелігі- қатысушы ретінде 25 жастан жоғары, отбасын құруға моральдық тұрғыдан дайын азаматтар іріктеліп алынатын болады.
Жаңа маусымның қызыққа толы болатынын жоба редакторы Шах-Керім Кәрменов де айтып өтті.
«Жаңа маусымда кастинг өткізу барысында 25 жастан асқан азаматтарды іріктеп алуға тырыстық. Студия, бағдарламаны жүргізу тәртібі жаңарады. Қатысушылар мен үміткерлердің танысу процесі өзгереді. Біз кездесулер жайлы кадр сыртынан тыс түсірілімдер жасап, қатысушыларды студиядан тыс та түсіретін боламыз. Кастинг жүргізу барысында бірінші кезекте адамға мұның қаншалықты маңызды екенін, отбасын құруға қаншалықты ниетті екенін анықтауға тырыстық. Себебі шоудың рейтингісі жоғары болуына байланысты қатысушылардың көпшілігі көптің назарына түсіп, таныла бастады. Осы тұста келушілер шатасып, танымалдылық үшін келуі мүмкін. Кастинг өте күрделі түрде өтті. Келушілермен сағаттап әңгімелесеміз, оның жан-дүниесін танып, қандай мақсатты көздеп келгенін, басынан қандай жайттар өткенін анықтап білуге тырысамыз», - деді Шах-Керім Кәрменов.
Айта кетейік, өмірлік серігін тауып, отбасын құрғысы келетін жандарға арналған бағдарламаның бірінші маусымы барысында бірнеше жұп отбасын құрып үлгерді. 2017 жылдың қараша айында 67 жастағы Сейсенбек ақсақал мен 50 жастағы Ләззат ханым қалған өмірлерін бірге өткізуге шешім қабылдап, тойлары тікелей эфирде өткен.
Мәди Рахымбай болса сүйіктісін бағдарламадан тыс тауып, бойжеткенмен отау құрды.
https://www.instagram.com/p/BmdX23gAJ3e/?utm_source=ig_web_copy_link Ал Бекболат мырза мен Эльмира ханым тойларын 2018 жылдың ақпан айында атап өтіп, отбасылық өмірлерін бастап кетті. Сонымен қатар бірінші маусым аясында жоба қатысушысы Әлібек Камила есімді үміткер қызға сөз салып, құда түскен. https://www.instagram.com/p/Bi5nNCFgWS9/?utm_source=ig_web_copy_link Ал көрермендердің ыстық ықыласына бөленген жұп – Еркебұлан мен Жанерке өз өмірлерін мәңгіге байланыстыруға шешім қабылдады. Жақын күндерде Жанерке ыстық ұясынан ұзатылып, жігіттің отбасына келін болып түсті. Күні ертең үйлену тойын дүркіретіп өткізбекші. https://www.instagram.com/p/BmOcYz5Bz1Y/?utm_source=ig_web_copy_link Атышулы жобаны сағынған болсаңыздар, көп ұзамай ол сіздердің назарларыңызға қайта ұсынылатын болады. "Қалауым" жобасының екінші маусымы 20 тамыздан бастап Еуразия бірінші арнасының эфирінен көрерменге жол тартатын болады.