Басты жаңалықтар

Мақпал Жүнісова отбасылық архивімен бөлісіп жұртты елжіретті

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы түскен жантебірентерлік видеоны желіге салды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің  әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық архивтен марқұм жұбайы, танымал саяси қайраткер Заманбек Нұрқаділовпен бірге түскен видеосын жариялады. Бейнежазбада әнші марқұм күйеуімен бірге  кішкентай қыздары Мереймен ойнап жүр. Оқырмандарының болжамы бойынша, видео 2002-2003 жылдары түсірілген. Естеріңізге сала кетейік, кезінде әншінің күйеуі Заманбек Нұрқаділов Алматы облысының, Алматы қаласының әкімі, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы болған . Ал 2005 жылы қараша айында өз үйінде өлі күйінде табылды. 61 жастағы саясаткер өз-өзіне қол салды деп танылған. https://www.instagram.com/p/BmhOuOwBy6h/?utm_source=ig_web_copy_link