Басты жаңалықтар

Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін 52 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды (видео)

Әлеуметтік желідегі кезекті бақылау жұмыстары кезінде құзырлы орган қызметкерлері Жұмақан Бекбасов есімді азаматтың жалған ақпарат таратқанын анықтады

ҚР азаматы Жұмақан Бекбасов әлеуметтік желідегі парақшасында "Сейфуллин көшесінде жұмыс іздеп тұрған 40 адамды полиция қызметкерлері автобусқа қинап отырғыздырып, қала сыртына алып кетті" деген жалған ақпарат қалдырған болатын.  width= Алматы қаласы полициясының подполковнигі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл ақпаратты бірден құзырлы орған қызметкерлері зерттеп, оның шындыққа сай келмейтінін анықтады. “Жазбаның авторы ішкі істер органдарының қызметкерлері жайлы балағат сөздер жазған. Жұмақан Бекбасов полиция қызметкерлеріне көпшілік алдында тіл тигізіп, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жазбаның авторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары бастамашылық етті “,- дейді Салтанат Әзірбек. Ер адам өз кінәсін бірден мойындапты, сондай-ақ заң алдында жауап беруге дайын екенін де айтты. “Біз тағы да қазақстандықтарды әлеуметтік желілердің тәртібін сақтауға шақырамыз. Жалған ақпаратты тарату сынды жалған ақпаратты тарату сынды заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырмауға кеңес береміз. Тек ресми дереккөздерге ғана сену қажет. Алғашқы дереккөз сізге белгісіз болса, оны  ешқашан таратпаңыз. Ойды жеткізуде нақтылық пен ақиқатты пайдалану керек. Тәртіпті сақтамаған жағдайда азамат ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады”, — дейді Алматы қаласы полициясының подполковнигі Салтанат Әзірбек. https://youtu.be/lxyxjiKq2Lo Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде дөрекілік танытып, жалған ақпарат таратқан жағдайда қазақстандық 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.