Басты жаңалықтар

Меккеде Қазақстанның бас мүфтиі атынан қажыларға арнайы дастархан жайылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Меккеде 300 қажыға арнап дастархан жайды 

Меккеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың атынан арнайы  300 қажыға арналған дастархан жайылды

Іс-шараға Қажылық миссиясының мүшелері, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбай, қажылық фирмаларының жетекшілері, уағыз-насихатқа жауапты имамдары, т.б. меймандар қатысты.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы Бас мүфтидің дұғай сəлемін жеткізіп, ізгі ниеті мен тілегін білдірген. Шараға қатысқан ақсақалдар болса қатысушыларға бата беріп, өз алғыстарын жаудырды.

Айта кетерлігі, биыл Қазақстаннан Меккеге арнайы квотамен аттанғандардың саны 3000-нан асып жығылды.