Аштан өлмес үшін ара жедім: Жанартауда қамалып қалған жігіт басынан өткен сұмдық жайттарды айтты
Огайо штатының тұрғыны Мэтью Матени Сент-Хелест жанартауына қыдырып келген кезде, қалай адасып кеткенін байқамапты
Мэтью Матени Сент-Хелест жанартауының әсем табиғаты туралы көптен-бері естіп келеді. Сол себепті арнайы достарын еріп сол жерге қыдырып баруды жөн көреді. Оның жолдастары таң атысымен өз жұмыстарымен кетіп қалды. Ал жігіт болса олардың көлігін алып, Сент-Хелест жанартауының туристерге арналған соқпағымен жүріп өтуге шешім қабылдады. Турист "Табиғаттың сұлулығына тамсанамын деп жүріп, қалай адасып кеткенін де байқамадым" есіне алады. «Мен ол жердің көлі өте әдемі екендігі жайлы оқыған болатынмын. Сондықтан оны өз көзіммен көргім келді. Себебі, вулканда су қоймасының болуы өте сирек кездесетін құбылыс және ғажайып нәрсе. Мен серуендеп жүріп, соңында ғана адасып кеткенімді түсіндім. Оған қоса жолда аяғымнан шалынып құлап, жотамды ауырдым алдым. Бұл жағдай ол жерден шығуға екі есе кедергі келтірді»,-дейді жігіт. Мэтью кешкі асқа келмегенде достары оны іздеп дабыл қақты. Олар жақын маңдағы елді мекендерді тексеріп жүрген полиция қызметкерлерін аяғынан тік көтерді. Бірақ, жігітті іздестіру шарасы сәтсіз болды. Құзырлы орган қызметкерлері Мэтьюдің нақты орналасқан жерін анықтау үшін дрон мен тікұшақты да пайдаланған екен. «Мен бір апта бойы көмек күтіп отырдым. Аштықтан өлмеу үшін, ара мен орман жидектерін жеуге тура келді»,-дейді Мэтью Матени. Туристің бағына орай, құтқарушылар оны аман-есен тауып, ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер бір апта бойы жанартауда түнеген жігітті тексеріп шығып, оның жарақат алмағанын анықтады. Қызығы сол, Мэтью арамен тамақтанғаннан кейін оның бірде-бір ағзасына зиян келмеген.