Басты жаңалықтар

Көлікте орын жетпеді: Жүкті министр перзентханаға велосипедпен барды

Жаңа Зеландияның Жасылдар партиясының өкілі Джули Джентер күйеуі Петрмен бірге перзентханаға велосипедтпен жетті

Әйелдердің ісі жөніндегі Жаңа Зеландияның жүкті министрдің айтуынша, көлікте орын жетпегендіктен ол перзентханаға велосипедпен барды. Бір мезгілде көлік министрінің көмекшісі міндетін атқаратын 38 жастағы Джентер бүкіл елге атақты велосипедші ретінде танылды. «Міне, сәті келді. Маған сәттілік тілеп қойыңыздар! Көлікте мені қолдайтын адамдарға орын болмағандықтан, күйеуім екеуміз перзентханаға велосипедпен баруды шештік. Есесіне бұл менің көңіл-күйімді көтерді!»,- деп жазды министр өзінің интаграм парақшасында. Перхентханаға велосипедпен аттанған ерлі-зайыптылар негізінен таудың астымен жүрді. Сол себепті тәжірибелі велосипедші Джули тіпті  «Толғақты келтіру үшін соңғы аптада велосипедпен жиі серуендеу керек еді!» деп әзілдеді.