Ақтаулық жігіт көшеде әйелдердің су киімімен жүріп жұрттың ашуына тиді (видео)
Қала ішінде су киіммен жүрген жігіт айыппұл төлеуі немесе 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін
Ақтаудың көшелерінің бірінде қала тұрғыны әйелдердің су киімімен келе жатқан ер адамды видеоға түсіріп, желіге салды. Оқырмандар оны көріп, жаға ұстады. Видеода өзін түсіріп тұрған кісінің сұрағына амалсыз жауап қатқан жігіт біреумен бәстесем деп жеңіліп, енді осылай жүруге мәжбүр болғанын жеткізді. "Қазір полиция видеоны тексеріп жатыр, содан соң жас жігітті іздейді, — деп мәлімет берді Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, оның әрекеті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына "Ұсақ бұзақылық" сәйкес келеді. https://youtu.be/Q3tM3TmngT4