Шымкенттік 37 жастағы азамат тылсым күштің әсерінен соң сүндетке отырған
Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасының қызметкері, жоғары санаттағы балалар хирургы Жақсылық Амантаев 15 жылдан бері бала сүндеттеумен айналысқан екен. Азамат жылына 100-150 баланы сүндеттейтін көрінеді.
Дәрігер балаларды сүндеттеудің 200-ге тарта түрі бар екенін айтты. Сондай-ақ, ол бұл істі жасатуға тек кішкентай балалар емес, жасы үлкен ер адам да келгенін жеткізді.
Оның сөзінше, кішкентайында сүндетке отырмаған 37 жастағы татар азаматы тылсым күштің әсерімен осы іске барған.
"Оны ата-анасы сүндеттетпеген, өзінің де ойына кіріп-шықпаған екен. Кейін оған түсініксіз тылсым күш әсер еткен. Бір жайсыз түсті қайта-қайта көре беріп мазасы қашқан соң молдаға барып көрінсе, ол кісі сүндеттелуі керек екенін айтыпты. Әлгі азамат сүндетке отырған соң жағдайы жақсарып кетті" ,- деді дәрігер.Сондай-ақ, хирург қазіргі уақытта балаларды "лазермен сүндеттеу" қолданылып жүргенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Доллар 525 теңге: Ұлттық банк түсініктеме берді
- авторТомирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2024