Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әр пышақ тыққанда шыңғырған": Шымкентте ұлын қанышерлер өлтіріп кеткен ана әділдік іздейді (видео)

"Әр пышақ тыққанда шыңғырған": Шымкентте ұлын қанышерлер өлтіріп кеткен ана әділдік іздейді (видео)
ашық дереккөз
Шымкентте жүрегі қан жылаған ана әділдік таппай әр есікті қағып, талай табылдырықты тоздырғанын айтады. Бұған ұлын қатігездікпен пышақтап өтіргендер әлі күнге дейін бостандықта жүруі себеп

Кісі өлімімен аяқталған оқиға осыдан екі ай бұрын, яғни 24 маусымда орын алған. Туыстарының айтуынша, отбасына жақсы таныс азаматтар ағайынды Хасан мен Хусанды жерге кездесуге шақырады.

Сөйтіп, кешкі сағат онның кезінде тараптар арасында белгісіз себептермен төбелес басталады. Күдіктілердің бір бөлігі Хасанға жұдырық жұмсап, ұстап тұрыпты. Ал екінші бөлігі бұл уақытта Хусанды аяусыз пышақтаған дейді туыстары.

"Хусан әр пышақ тыққанда шыңғырған. Жүрегіне екі рет пышақ ұрған. Үстінің бәрі қан. Көмектес Хасан деп жылаған. Мына жердегі адамдардың барлығы көріп, қарап тұра берген", - дейді марқұмның әпкесі Камала Турдиева.

Күдіктілер үшінші куәгер келгенде ғана пышақтауын доғарыпты. Сол кезде Хасан қанға бөккен сыңарын көтеріп аруруханаға кеткен. Жолай жедел жәрдемге хабарласыпты. Қара жамылған отбасы полицейлер істі әділ жүргізеріне сенгендерін айтады. Алайда, олай болмады деп ашынып отыр.

"Неге қылмыскерлер қашып жүрді 10 күн. Ұсталғаннан кейін оларға ештеңе болған жоқ. Жібере салды. Неге?", - дейдімарқұмның әпкесі Камала Турдиева.

Тараптардың не себепті жаға жыртысқаны, жәбірленушіні не үшін өлтіргені белгісіз. Белгілісі Хусанның артында аяулы жары мен балалары қалды. Ал жергілікті тәртіп сақшыларының істі әділ жүргізеріне сенбеген туыстары, жоғарыдағы басшылардан көмек сұрап отыр.

https://youtu.be/6LmOw7kegNM  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар