Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа рекорд орнатты: Алматыда жас жігіт қошқарды 510 рет көтерді

Жаңа рекорд орнатты: Алматыда жас жігіт қошқарды 510 рет көтерді
ашық дереккөз
Алматыда ұлттық құраманың мүшесі Ілияс Жұмай қошқарды 510 рет көтеру арқылы жаңа рекорд орнатты
Құрбан айт мейрамының құрметіне ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өтті.  Жарыс «Асыл мұра» бағдарламасының аясында Алматыдағы орталық мешіттің аумағында өткізілді.   Ол таңертеңгі Айт намазынан кейін басталды. Түрлі жарысқа қатысқысы келген тұрғындар қошқар көтеру, қол күрес, бағанаға өрмелеп шығу мен асық ату сынды сайыстарды өз күштерін сынады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, соынмен қатар салмағы 40 келі болатын қой берілді. Тірі сыйлықтардың екеуі жас балуандар Бауыржан Әбдіхайым мен Ілияс Жұмайға бұйырды. Біріншісі қошқарды 505 рет көтерсе, екіншісі 510 рет көтерген.  width= «Мен сайысқа қатысу туралы ұзақ ойландым. Алайда 505 деген көрсеткіші естігеннен кейін, 510 рет көтеремін деген мақсат қойдым. Мен үнемі қарсыласымнан алда жүруге тырысамын. Бүгін де солай болды. Егер ол 600 рет көтерсе, мен 605 рет көтеретін едім», – дейді спортшы Ілияс Жұмай. Ілияс 8 жасынан бері еркін күреспен айналысады екен. Ол түрлі халықаралық сайыста ел намысын қорғап жүр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар