Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қоржынымыз толықты: Қазақ қызы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қоржынымыз толықты: Қазақ қызы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
ашық дереккөз
Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында Жансель Дениз таеквондодан Қазақстан құрамасына тоғызыншы жүлдені сыйлады
Азия ойындарында қазақстандық Жансель Дениз таеквондодан  күміс медальға ие болып, еліміздің қоржынына тоғызыншы жүлдені сыйлады.

Өкінішке орай, алтынға қол созым жерде, финалда жерлесіміз кореялық спортшыға есе жіберіп алтынға күмісті місе тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін таеквондодан Руслан Жапаров пен Фариза Алдоңғарова ел қоржынына қола жүлдені салған еді.

Сондай-ақ су добынан әйелдер командасы Жапония құрамасын 12:11 есебімен жеңіп, Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді.  Осылайша, су добының шеберлері Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы оныншы медальді сыйлады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар