Басты жаңалықтар

Ішек-қарын тазалаған Төреғалидің келіншегі жұртты сүйсінтті (видео)

«Қазіргі келіндер тазаламак түгілі ұстамайды. Жарайсың, Толқынжаң

Қазақстандық жұлдыздар Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әлеуметтік желіде түрлі суреттерін бөлісіп жатыр. Арасында Төреғали Төреәлі өзінің келіншегі ішек-қарында қалай аршитынын көрсетіп, жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы - Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін!» - деп жазды Төреғали Төреәлі видеоның тұсына.

Желі қолданушылары өз кезектерінде әншінің келіншегінен үлгі алуға шақырды. «Ұлға ұқсайды. Сүйкімді Толқын келіншектен туған келесі балаңыз ұл болсын!», «Ақпатша балам, құрбан айт қабыл болсын. Ішек-қарын тазалап отыр айналайын Толқыным. Өмірде бақытты болыңдар», «Келіншегіңді сыртынан түсіріп тұрсың ба?», «Толқын молодец келін», «Жарайсың, қазақтың келіні! Қолың дерт көрмесін», «Күшті! Толқын тәрбиелі келіншек. Әдепті, нағыз қазақы жан», «Ниеттеріңіз қабыл болсын! Қазіргі келіндер тазаламак түгілі ұстамайды. Жарайсың, Толқынжаң» деп жазды желі қолданушылары.