«Денсаулықтың қадірін түсіндім». Ләйлә Сұлтанқызы ауырып қалғанын айтты
Тележүргізуші орамал тағуға қатысты пікірін бөлісті
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде екіұшты жазбасын бөлісіп, жұртты ойландырып қойды. Айтуынша, екі күннен бері жүргізушінің денсаулығы сыр бере бастаған. Десе де, ол қай жері ауырып жатқанын айтпады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Менің жанымда орамал таққан, таққысы келетін, енді 10 жылдан тағам деп жүрген қыздар өте көп... Бәрі жүректегі иманға байланысты-ау. Біреу ерте, біреу кеш, бірақ бастысы бәрі соған келетінін біледі(-міз). Бүгінгі ерекше күні жанымдағы жандардың амандығын мен армандарының орындалуын тіледім. Неге деп жазып отырмын, менің ең бір жаман комплексім "жақсы көретінім мен уайымдайтынымды" жайдан жай айта алмаймын, ұялам ба әлде... білмеймін. Сондықтан осыны оқып отырған жақындарымның барлығына (отбасы, туған-туыс, әріптес, сыныптас, курстас, серіктес, құрбы, дос, таныстар, көршілер) барлығына денсаулық тілеймін. Себебі, соңғы екі күнде денсаулықтың қадірін түсініп жатқан жайым бар. Сол себепті өздеріңізге және балаларыңызға қамқор болыңыздар», - деді Ләйлә Сұлтанқызы.