Басты жаңалықтар
Ділнәз Ахмадиева ағасы Ділшаттың неге жоғалып кеткенін түсіндірді
- автор kyn.kz
- 21 тамыз, 2018
- 283
Бұған дейін ел арасында Ділшат Ахмадиев ішімдікке, нашақорлыққа салынып кетті деген алып-қашпа әңгімелер тарап кеткен еді
Ділнәз Ахмадиева бір кездері өзімен бірге ән салған бауырының қазір қайда жүргенін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
«Менен бауырым Ділшат қайда кетті деп жиі сұрайды. Ол Алматы қаласында отбасымен бірге тұрады. Карьерасын қайта қалпына келтіріп жатыр. Екі жаңа ән жазды. Бірі «Қашқарлық қыз» деп аталады. Бұл әнді сұрап жатқандар да көп! Жуырда ән де бейнебаян да ресми түрде жарияланатын болады! Сондықтан күтіңіздер! Ділшаттың жасы менен үлкен. Көпшілік ойлағандай ол менен кіші емес. Ол менен 4,5 жасқа үлкен. Міне!» - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өз кезектерінде аталған әндерді асыға күтетіндерін жазып жатты.