"Венецияны" құртындар: Тоқаев жаңбырдан кейінгі Астанаға қатысты шұғыл тұрде шара қолдануды талап етті
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңбыр жауса болды, Венециға айналатын Астанаға қатысты шара қабылдауды бұйырды
Сенат төрағасының айтуынша, еліміздің бас қаласы жаңбырдан бірінші мәрте жапа шегіп отырған жоқ. Бұл мәселені елордананың 20 жылдығына дейін толығымен шешулерің керек еді,-дейді.
"Президенттің тапсырмасына қарамастан Астана нөсер жауын мен табиғаттың басқа да апаттарына дайын емес. Бұдан елорда тұрғындары зардап шегуіп, оның халықаралық беделіне нұқсан келуде. Бұл мәселені Астананың 20 жылдығына дейін көп уақыт бұрын шешуге болатын еді. Сенаторлар шұғыл түрде шара қабылдауды талап етеді", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.