Алматыда жаңа ғана жөнделген жерасты өткелін бұзақылар бүлдіріп кетті (видео)
Алматының бояуы да кеуіп үлгермеген қабырғаларды шимайлап кеткен бұзақы іздестіріліп жатыр. Ол жерасты өткелінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Алматы қаласында орналасқан Қалқаман көшесіндегі жер асты өткелді күні-кеше әрлеп, халықтық пайдалануға берген еді. Алайда өтіп бара жатқан бір азамат, бояуы кеппеген қабырғаны сызғылай өтіп, бар еңбекті зая етті. Абырой болғанда, оны жанында өтіп бара жатқан жаяу жүргінші тоқтатып, әрі қарай бұзуына мүмкіндік бермеді. Оның барлығы бейнебақылау камераларына түсіп, бүгінде бұзақы іздестірілуде. Егер айыпты құрықталса ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауакершілікке тартылады.
Айта кетейік, Алматыда шуға айналған 56 жер асты өткелінің 48-і күрделі жөндеуге жабылған болатын. Оны жаңғыртуға 2 жарым миллиард теңге бөлінген.
https://youtu.be/A7BuoAQz3hI