Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық танымал әнші 5 млн теңге ганорарынан бас тартты

Отандық танымал әнші 5 млн теңге ганорарынан бас тартты
ашық дереккөз
Сәкен Майғазиев бес миллион теңге гонорардан бас тартып, оны қайырымдылыққа жұмсағанын жариялады.

Сәкен Майғазиев қомақты қаржы түрінде гонорар алып, оны қайырымдылық шарасына жаратқан еді. Алайда, айтуынша ол бұл жағдайды жария еткісі келмеген.

Оқиғаны барынша жасырып қалмақ болған әртістің әрекетіне қарамастан, белгілі журналист Лаура Сейітбек бұл игі істі көпшілік білу керек деп шешкен.

"Журналист қарындасым бұл оқиғамен өз парақшасында бөлісіп, кейіннен жариялағаны үшін кешірім сұрағаныбар. Ол "аға, ренжімеңіз жариялағаныма, одан Сіздің сауабыңызды Алла қаласа кемітпес, іштегі ниетіңіз белгілі ғой. Мүмкін, бұл әрекетпен басқа адамдардың жақсы ісіне себепші боларсыз" деп айтты маған" ,-деп жекізді Майғазиев.

Әнші қыруар қаржыға отандық танымал компания арқасында кенелді. Ол мекеменің бетке ұстары болғаны үшін бес миллион теңге көлемінде еңбекақы алған. Алайда, бұл мәртебені Сәкен Майғазиев өзінің мықтылығынан емес, Алланың бұйыртқан бағынан келді деп есептейді.

Сол себепті, ол жоғарыдан бұйырған қаражатты қайырымдылыққа арнамақ болды.

«Несиесі бар туыстарым да бар, яғни ешкімнің төрт қабырғасы түгел емес қой. Аға-әпке, іні-қарындастарым да бар қиналып жүрген. Десе де, біздің әулетімізден де нашар өмір сүріп жатқан қанша отбасы бар. Сол адамдарға бір септігім тигенін қаладым» , - деп айтты әнші.

Сәкен Майғазиевті игі қадамға баруына мешітте орын алған тынастық итермелеген болып шықты. Айтуынша, ол құдай үйінде намаз оқып отырғанда қасындағы жігіттің аяғын қозғалта алмайтынын аңғарып қалады. Оған барынша көмектескісі келген әнші ер адамның Мәскеуге барып қаралуына өзінің елеулі септігін тигізген.

Сондай-ақ, шоу-бизнес өкілі соңғы кездері кең қанат жайған әлеуметтік желідегі жарнама мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре кетті. Ол бұл жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді.

Сәкен Майғазиев өзіне түсетін жарнамалық ұсыныстарды егжейлі-тегжейлі тексеріп қана қабылдайтынын айтты.

"Жарнама жасап беру жөнінде қандай ұсыныс түссе де жеті рет өлшеп бір рет кесуге тырысамын. Өзім жетік білмейтін, күмәнды дүниелерге мүлдем жоламаймын. Мен үшін мені оқып отырған оқырмандарымның сенімі әлдеқайда қымбат. Шынымен халыққа пайдалы дүние болса кейде қолдау көрсетіп, ешкім сұрамаса да жарнамалап жатамын өзім-ақ", - деп ағынан жарылды ол.

https://www.instagram.com/p/BkiEStOjhyv/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар