Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тойда күйеуімен вальс билеген Мадина Сәдуақасова көпті тәнті етті (видео)

Тойда күйеуімен вальс билеген Мадина Сәдуақасова көпті тәнті етті (видео)
ашық дереккөз
Сүйіктісімен тойда би билеген Мадина тыңдармандарын сүйсінтті
Мадина Сәдуақасова сүйіктісімен ел алдына өте сирек шығатын жұлдыздар қатарында көш бастап тұрары анық. Әншінің жанкүйерлері тіпті, бірге көп бой көрсете бермейтін ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені жөнінде болжам жасап жатады. Алайда, отандың әртіс ел арасында тарап кеткен қаусеттерге нүкте қойды.

Желіге Мадина Сәдуақасованың тойда күйеуімен би билеп жүрген видеосы тарап кетті. Оқырмандар әншінің жолдасымен ел алдына өте сирек шығатынын айтып, оны жылына бір рет көрсетіп қоятынына риза болған.

Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын отандық жұлдыз шындыққа жанаспайтын түрлі қауесеттерге тап болып жатады. Көпшілік оның күйеуімен көп бірге жүрмейтініне сілтеп, ерлі-зайыптылардың ажырасқанын болжайтын жағдайлар көптеп кездескен болатын.

Осылайша, әнші сүйіктісімен бірге тойға барып елдің болжамдарын жоққа шығарғысы келсе керек.

"Бір жылда бір көрініп қояды. Ризамын, не керек елге жария салып" "Бақытты болыңдар. Сондай жарасымды" "Әйтеуір көрсетті ғой. Біраз болды екеін бірге көрсегелі", - деп жазды желі қолданушылар. https://www.instagram.com/p/BmwIVlAAjlF/?utm_source=ig_web_copy_link  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар