Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар: Танымал блогер "Түнгі студиядан" не себепті қуылғанын түсінбей отыр

Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар: Танымал блогер "Түнгі студиядан" не себепті қуылғанын түсінбей отыр
ашық дереккөз
Отандық танымал блогер Эльвира Ерғалина енді "Түнгі студия" бағдарламасынан бой көрсетпейді. Эфирді жаңа маусымда басқа жүргізуші тізгіндейтін болады

Эльвира Ерғалина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұмыстан кетуіне қатысты жазба қалдырып, оқырмандарын таңғалдырды. Ол танымал бағдарламаны жүргізбейтінін хабарлады.

"Түнгі студияданың бұрышында отырмаймын енді. Иә, бұл бағдарламадағы қосалқы жүргізушілік қызметім аяқталды. Жаңа маусымда орныма басқа қыз келеді.

ТВ экранына шығуға мүмкіндік берген Жаратқанға, канал басшылығына алғысым шексіз. Бойымда кез келген істі алып кететін қабілет бар өзіме ризамын. Мен үшін бұл кезең мықты тәжірибе сыйлады, біраз нәрсе үйрендім, жауапкершілікті сезіне түстім.

Орнымнан кеткеніме ренжулімін бе? Жоқ. Ешқандай реніш те, өкпе де жоқ. Қайта өмірімде жаңа кезең келгелі жатқанына қуанам. Барлық нәрсенің басы мен аяғы бар, менің бұл жобадағы миссиям аяқталған шығар. Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар. Жоба басшыларының кетуімнің себебін еш түсіндірмеуі және өздерінің ешқайсысы мемен хабарласпағаны. Демек, тікелей сөйлесуге кідіртіп тұрған бірдеңе бар шығар, әйтеуір, осы жері тұманды мен үшін. Өткен маусымды жақсы көрсеткішпен аяқтап, тап сол құраммен жалғастыратын боп шешілген. Бүгін тосын жаңалықты есіттім. Бәлкім, көрерменге ұнамаған шығармын, кәсібилік жоқ шығар менде. Бәлкім, басқа біреу осы орында отырғысы келген шығар. Себебін өзім де болжай алмай отырмын. Десе де, түсірілім барысында бар мүмкіндігімді қолдандым. Мына бұрышта отырып, эфирге шығатын жанға сәттілік тілеймін! Бастысы, халықтың көңілінен шықса екен. Кім келсе де, лайық адам екеніне сенімдімін. Осы жобадағы бастама қолдау білдірген сіздерге рақмет. Барлық нәрсе жақсылыққа, бұл жобадағы тәжірибемді басқа жерде анық қолданам Ертең сіздерде сансыз сұрақ туындайтынын білем, сондықтан жеткізіп жатқаным ғой. Ең бастысы мынаған көзім жетті: өмірде бәрі мүмкін, арман-мақсаттар орындалады және өзіңе деген сенім талай жетістікке жеткізеді. https://www.instagram.com/p/BmTTkvsgpWP/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар