Басты жаңалықтар

Әнші Димаш өз атынан шай шығара бастады

Эстрада жұлдыздары әншіні жаңа кәсіпті қолға алуымен құттықтады

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенов өз атынан шай шығара бастады. Жуырда ол барша қазақстандық танымалдарды жинап, жаңа өнімін таныстырды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып әнші Айгүл Иманбаева бөлісті. «Dimash шайының таныстырылымына келдік. Жанымда ұлым бар. Шын жүректен құттықтаймыз! Аллам тек тіл көзден аман қылсын. Тілекшіміз қашан да», - деді әнші. Желі қолданушылары да өз кезектерінде Димаш Құдайбергеновті құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.