Басты жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы желі қолданушыларын алдағанын «мойындады»

Бұған дейін тележүргізуші ауырып қалғанын айтқан еді

Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында сырқаттанғанын және денсаулықтың қадірін түсінгені туралы жазған еді. Алайда тележүргізушінің өзі емес, баласы ауырып қалған екен, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Алдыңғы постта денсаулық туралы жазған едім, уайымдап, тез сауығуымды тілепсіздер. Осы жаңа комменттерді оқып, қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіргім келді. Бір-бірімізді танымасақ та, жылы сөздеріңіз бен ақ ниетті тілектеріңіз үшін рақмет. Сіздерге де менің көңілім сондай. Шын мәнінде, мен емес кіші ұлым сырқаттанып қалған. Қазір бәрі жақсы. Шүкір», - дейді тележүргізуші. Желі қолданушыларының бірі осы жазбадан кейін қуанғандарын айтса, екіншілері баласының денсаулығы үшін де алаңдайтындарын жеткізді.