Басты жаңалықтар

Ғаламтор туралы естідік, бірақ пайдаланып көрмедік: ШҚО-дағы ерекше ауыл көпті тәнті етті

ШҚО-дағы мүлдем интернеті жоқ ауыл көпшілікті таңырқатты.

ШҚО-дағы ерекше мекен- Үржар ауданында орналасқан  Ақшоқы ауылы.  Бұл жердің түгелдей дерлік тұрғындары ғаламторды қолданып көрмеген екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, интернет дегеннен тек естулері ғана бар. Ал мектептегі ұстаздарының айтуынша, 2017 жылы еліміздің барлық мектептері электронды күнделік жүйесіне  өткенде ең қиыны сол кезде басталды.

"Бұл бағдарламаның бізге енгеніне бір жылдай уақыт болды. Ауылымыздан  аудан орталығына жету үшін 3-4 сағат уақыт керек. Бізге күн сайын kundelik.kz сайтына тіркеліп оқушылардың бағасын қою керек деген бұйырық  келді. Интернет желісі болмағандықтан біз әр сенбі сайын интернеті бар көрші ауылға барамыз. Біз бағаны қойғанымызбен, оқушылар ол бағаны көре алмайды және сайтты пайдалана алмайды", - деді Ақшоқы мектебінің ұстазы.