Басты жаңалықтар
Үнді бауырларымызға көмектескіміз келеді: Қазақстандықтар 400 адам мерт болған Үндістан тұрғындарына қол ұшын созды
- автор kyn.kz
- 23 тамыз, 2018
- 213
Қазақстандық туристер су астында қалған Үндістан тұрғындарына көмектесіп жатыр
Үндістанда сорақы су тасқыны болып, салдарынан 400 адам көз жұмды.Сондай-ақ 3,5 мыңнан астам адам із-түссіз жоғалды.
Керала штатында орын алған шығыны көп су тасқыны он күннен бері тұрғындарды әбігерге салуда.
Жергілікті билік қолынан келгенін бәрін жасап жатыр. Олар құлыпты ашып, су ағызуға мәжбүр болды. Алайда оның салдары да аз болмады. Бір жарым млн адам дүние-мүліксіз қалды.
Тұрғындардың айтуынша, бұл ел тарихындағы ең сорақы су тасқыны болды.
Билік адамдарды тікұшақпен құтаруда. Марқұмдар саны әлі де нақты емес. Ал жалпы кеткен шығын шамамен 1,5 млрд долларға бағаланып отыр.
Босқындарға сол маңға жақын жерде демалып жатқан қазақстандық туристер де қол ұшын созды. Отандастарымыз азық-түлік пен киім-кешек, керекті заттармен көмектесуде.
Еліміздегі «Мен алматылықпын» қозғалысының көшбасшысы Константин Авершин қаражат жинап, бір жарым мың долларға әйелдер мен балалаға арналған 150 жиынтық киімі мен азық алған екен.
«Біз, қазақстандықтар, Алматыдан келдік. Үнді бауырларымызға көмектескіміз келеді. Шын жүректен бәрі. Босқындар лагеріне бізді кіргізбеді. Отандастарымызың айтуынша, елде жағдай қиын», – дейді Константин Авершин.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қараша, 2024