Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал отандық әншінің қызы өмірін күрт өзгерткен жол апаты туралы ашық айтты

Танымал отандық әншінің қызы өмірін күрт өзгерткен жол апаты туралы ашық айтты
ашық дереккөз
Аурухананың дәлізінде бірнеше жері сынығандықтан қансырап жатқан Заринаны тазалықшы әйел өлімнен арашалап қалыпты
Кезінде белгілі әнші Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова да әншілік қырымен танымал  болған еді. Әрі әндері де көпшіліктің жүрегін жаулаған болатын. Бірақ, бүгінде , өкінішке орай, әнші ел алдына жиі шыға бермейді. Себебі өнер әлемінде жұлдызы жанып келе жатқан Заринаның өмірі жол апатынан кейін күрт өзгерген. Заринаның айтуынша, ол 17 жасында жол апатына түскен. Сол кезде оның  көптеген сүйегі сынып, жүре алмай қалған. Салдарынан 6 ай бойы Испанияда ем алған екен. «17 жасымда Шымкентте өткен КВН-ге бардым. Ол жаққа барып, өнер көрсеттім. Бәрі тамаша өтті. Артынша туыс ағам қаланы көрсетпек болды. Мен келісе кеттім. «Жигули» көлігімен жүріп келе жатқанымызда, дөңгелегі ұшып кетті. Көлікті тізгіндеген туысым оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал көліктің артында отырған адам ауруханада көз жұмды», – дейді Омарова. Сондай-ақ әнші қайғылы оқиға орын алған күнді еске алды. «Сол күні ауруханада адам өте көп болды. Дәрігерлер көліктің артқы жағында отырған жігітті қарап жатқанда, мен аурухананың дәлізінде қансырап жаттым. Түрім адам танымастай болды. Осы кезде бір тазалықшы әйел келіп: «Обал ғой, бұл да біреудің қызы ғой. Қарасаңдаршы», – деді. Сол әйелге маған өмір сыйлағаны үшін өмір бойы алғыс айтып өтемін», – дейді әнші Зарина Омарова.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар