Атырауда таксиші жолаушысын бейіт басында өлтіріп кетті
Күдіктілер басқа қаладан келген жолаушыны таңдап, иен далаға апарып, тонаған.
Атырау соты такси жолаушысын өлтірді деген күдікпен екі адамды қамауға алуға шешім қабылдады. Атырау қаласы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдіктілерге алдын ала сыбайласып, кісі тонап, өлтірген деген айып тағылыпты. Істің материалы бойынша, 25 мамырда күдіктілер жеке такси қызметін атқарып, жолаушыларды тонауға келіседі. Олар вокзалдан бір клиентті отырғызып, айтқан мекенжайына апарып салуы керек болатын. Алайда қала сыртындағы зираттарға қарай бет алады. Жолаушы басқа қаладан болғандықтан, қайда апара жатқанын түсінбеген. Күдіктілер жәбірленушіні бейіт басына апарып, таспен ұрып-соғып өлтіреді. Кейін оның сағаты мен әмиянын ұрлап кеткен. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.