Басты жаңалықтар

Танымал мұнай магнатының қызы той бизнесімен айналысып жүр (видео)

Отандық танымал мұнай магнатының қызы Сиви енді тойға шығып, қыз ұзатып жүр

Белгілі әнші Сиви жақында өзінің әлеуметтік  желідегі парақшасына тойда қыз ұзатып жүрген видеосын салды. Бұрын соңды той әлемінде жиі бой көрсете бермейтін әншінің бұл әрекетіне тыңдармандармандары таңданысын жасырмады.

Айта кетейік, Сиви елімізге танымал ауқытты отбасынан шыққан. Әкесі Махмұт Нәлібаев – бүгінде ірі мұнай магнаты.

Ал әншінің өзі бүгінде үш баланың анасы, аяулы жар болып отыр. Өнер жолында актриса, продюссер ретінде бірнеше рет бағын сынап көрген әнші бұл жолы қыз ұзатуды қолға алды.

Сивидің жаңа қадамына оқырмандары қолдау көрсетіп, түрлі пікір қалдырды.

Олар: "Қадамыңыз құтты болсын", "Әдемі жарасып тұр, сізге", "Керемет, Сенің жолынды берсін" деп жазды. Ал енді біреулері: "Ақшасы көп жұмыс қой", "Сиви қалыңдықтан әдемі болудың қажеті жоқ" деп сынап тастады.

https://www.instagram.com/p/Bml2fo8Atxy/?utm_source=ig_web_copy_link https://www.instagram.com/p/BmnuqywAQcv/?utm_source=ig_web_copy_link