Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық әнші нені армандайтынын айтып жұртқа жақпай қалды (фото)

Отандық әнші нені армандайтынын айтып жұртқа жақпай қалды (фото)
ашық дереккөз
Әнші Салтанат Бақаева қандай көлікті армандап жүргенін айтты
Салтанат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына арманындағы көлігі туралы жазба қалдырды.

"Баршаңызға қайырлы таң! Мен армандап жүрген көлігім. Әзірше менікі емес, бірақ арманым орындалатынына сенемін, жай ғана сену аздық етеді. Сондықтан еңбек ету керек! Одан мен ешуақытта қашқан емеспін. Жұмыс күні сәтті өтсін! Армандарыңыз орындалсын!", - деп жазған әнші арманындағы көліктің суретімен бөліседі.

Желі қолданушылары болса, әншінің арманын көріп, бірі оған ақ тілектерін жаудырса:

"Арманыңызға жетіңіз!", "Жұлдыз Абдукаримованың көлігі емес пе", "Алла сүйікті құлдарына береді, армандар орындалады,Салтанат, сіз лайықсыз ондай көлік мінгенге",

Енді біріне  әншінің бұл сөздері жақпай қалды.

"Сол да арман болып па, бірінші денсаулықты армандаңдар, отбасыларыңның амандығын армандаңдар, ата-ананың амандығын арманда, қалған тірлік бұйырса ретімен келеді, еңбек етсең болғаны", "Әрине 20 мыңға сөзін жаздырып, тегін музыкасын жаздырсаңыз және қымбат ақшаға тойда өлең айтсаңыз, арманыңыз орындалып, осындай қымбат көлікке жетесіз", - деп жазған кей пікір қалдырушылар.

https://www.instagram.com/p/BmxJVgJAMhC/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар