Айсәуле: Жігітім басында анамды бай, «Есентай Моллдың» кәрі қожайыны деп ойлапты
Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек сөзінше, жігіті оның анасының танымал адам екенін білгенімен, мүлде танымаған екен
«Біздің қарым-қатынасымыздың басында бір адам күйеу жігітіме: «Бауырым, оның анасы Баян Есентаева емес пе!» – деген екен. Ол анамның есімін бұрын естігендіктен, оның бір танымал адам екенін білген. Нақтырақ айтсақ, ол Баян Есентаева «Есентай Моллға» иелік ететін кәрі әйел деп ойлаған», – дейді Айсәуле Бақытбек. Айта кетсек, Айсәуленің күйеуі қалындығының әлеуметтік парақшасындағы оқырмандарының көп екенін де жақтырмайтын көрінеді. Бойжеткеннің оқырмандары 1 миллион 100 мыңнан асады екен. «Менің күйеу жігітім бір күні әлеуметтік желі мені жалықтырып, бәрін доғарғанымды үнсіз армандайды. Алайда бұл туралы ештеңе айтпайды. Себебі сіздердің мен үшін маңызды екеніңізді біледі», – дейді ол.