Тоқалдар туралы ән айтқан танымал блогер желіде қызу талқыға түсті (видео)
Танымал қырғыз блогері Эльдана Cатыбалдиеваның "Тоқал" атты алғашқы туындысы желіні шулатты
Ән атына сай тоқалдар мен олардың өмірі жайлы сыр шертеді. Желіні шулатқан бейнебаянда танымал блогер өзін бұрын-соңды болмаған образда көрсетеді.
"Мен қалағанымды аламын. Бали керек, айфон керек. Менің әкем - прокурор. Қалағаныңды ал" , - деп айтылады әнде.
Қырғыз қызы өз өлеңінде үнемі ақшаға құмар тоқалдарды әзілдің көмегімен сынап тастайды. Эльдана Сатыбалдиеваның мүсіні мен актерлік шеберлігі желі қолданушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Бейнебаян аздаған уақыт аралығында 250 мыңнан аса қаралым жинап үлгерді.
"Музыкалық чарттарды жаруға аттандым. Әке, ана осы әннен кейін менен бас тартсаңдар да, мен сіздерді түсінемін", - деп жазып қойған блогер. "Эльдана өзіңі-өзің ұқсамайсың, сені мұндай образда көру үйреншікті болмай тұр" "Тамаша нағыз актрисасың, дене сымбатың да ерекше. Үнемі кең киім астында мінсіз мүсін жасырынып келген ғой" "Өткір тақырыпты қозғапсың. Жақсы шыққан, өте күлкілі" , - деп жазды оқырмандар. https://youtu.be/7qMKvFtVyoM