Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан халқын жаппай қымбатшылық күтіп тұр ма?

Қазақстан халқын жаппай қымбатшылық күтіп тұр ма?
ашық дереккөз
Үкіметте ұсыныстың басы қымбаттатудан басталды. Астық құны өссе,  жанармайы қымбат болса, қоса шарықтайтын нан бағасы не болмақ?

Елімізде бидайдың құны онсыз да рекордттық межеге өсіп үлгерген. Оның үстіне шаруалар пайдаланатын дизель отынының бағасы да шарықтап тұр.

Елімізде биыл 20 миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеев биылға жаздағы құрғақшылықты ескеретін болсақ, бұл көрсеткіш өте жақсы дейді.

"Жаңа өнімнің бағасы, егер былтыр бидай 35 мың теңге деңгейінде сатылса, қазіргі таңда 3-ші сыныпты бидайдың 1 тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Біз бағаның одан әрі көтерілуін күтудеміз", - дейді Шүкеев.

Министрлік өкілдері бұл жағдай мемлекетке пайда әкелмесе, зиян келтірмейді деп отыр.

"Баға көтеріліп, бүгінгі бағада тұратын болса, біздің ауылшаруашылықтарына, біздің фермерлерге ол баға жақсы деп есептейміз", - дейді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Берік Бейсенғалиев.

Нанның бағасына әсер ететін тағы бір фактор - дизель құны. Өмірзақ Шүкеев мемлекет бөлген арзандатылған жанармай аймақтарға нарықтық бағамен жетіп жатыр деп премьер-министрге шағымданды.

Ал Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болса, бәленің бәрі облыстардағы тасымалдаушы операторлардан деп ақталды.

"Энергетика министрлігінің құзыретіне кірмейді. Бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігі және тиісті жергілікті органдар реттеу керек. Мысалы 150 теңгеден алады, біздің есеп бойынша160-тан сату керек. Одан көп болмауы керек", - дейді Энергетика министрі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшылары жылдағыдай мемлекет тарапынан арзанға бидай сату арқылы нарықтағы бағаны реттейміз деп отыр.

Жоспарланған 20 миллион тонна астықтың жеті миллионы ғана экспортталады десек, қалған бөлігі ішкі нарыққа сатылады екен. Демек, бұл бидайдан тартылған ұнның бағасын қымбаттатпау үшін қазынадан көп ақша жұмсау қажет болатын сияқты.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар