Басты жаңалықтар
42 күнде 78 рет ұшаққа мінді: Әр минутына дейін жоспарланған Димаш өзі қай жерде тұратынын ұмытып қалған сияқты
- автор kyn.kz
- 24 тамыз, 2018
- 212
Димаш Құдайбергеннің әкесі, жанкүйерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді
Димаш Құдайберген тек Қазақстанда емес, әлемде эконимикасы мықты дамыған елдерде концерт қояды. Сондықтан, өз еліңнен бөлек, шет мемлекетте бірге жұмыс істей білу — әркімнің қолынан келе беретін дүние емес,- дейді әкесі. Халық арасында “Қытайда жанкүйерлері көп болған соң, Димаш Қытайға көшіп кеткен екен” деген әңгімеге де нүкте қойды.
“Димаш бір күні Пекинде, екінші күні Америкада жүреді. Өткен жолы ол 42 күнде 78 рет ұшаққа мінді. Жақында ғана Германия, Италия, Ресей мемлекеттеріне барып қайттық. Қытайға барып, қайтып келді. Қазір Димаш өзі қай жерде тұратынын ұмытып қалған сияқты. Ол осы елдің баласы. Қазақстанның туын көтеріп, елдің атынан талай жерлерге, көптеген өнер додаларына барып қатысты. Қай жерде де қазақ жерінің аты аталып, қазақтың туын көтеріп жүрсе, біз үшін ең үлкен жеңіс сол”, — дейді әншінің әкесі.
Айта керу керек, Димаш Құдайберген басқа мемлекеттерге жұмыс бабымен көп саяхаттайтын болса да, Қазақстанды бәрінен де жақсы көретінін іс-әрекеттері арқылы бірнеше рет дәлелдеген.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды
- авторТомирис Тоныкөк
- 24 қараша, 2024