Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерекше шаш үлгісі: Оралдық жігіт жұрттың басына Головкиннің суретін салып жүр (фото)

Ерекше шаш үлгісі: Оралдық жігіт жұрттың басына Головкиннің суретін салып жүр (фото)
ашық дереккөз
Орал тұрғыны Думан Ілиясов қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің суреті бейнеленген шаш үлгісін ойлап тапты

Ерекше жас үлгісін ойлап тапқан 17 жастағы жігіт Құрманғазы атындағы музыкалық колледжді тәмамдапты.

"Өзім суретшімін, сурет салғанды ұнатамын. Салонда жұмыс істеп жатқаныма бір жарым жыл болды. Мен тек шетелдіктер ғана емес, отандық шеберлер де ерекше шаш үлгісін жасай алатынын дәлелдегім келді.

Сонымен қатар, біздің Генаға қолдау көрсеткім келді. Бұл менің алғашқы туындым. Сол себепті, қатты сынамауларыңызды сұраймын. Келесі жолы жақсырақ болады деп ойлаймын", - дейді Думан.

Сондай-ақ шаштаразшы осындай шаш үлгісін жасау үшін оған орта есеппен төрт сағат кететінін және шамамен 10 мың теңгеге істеп беретінін айтты.

"Бұл шаш үлгісін досым Азаматқа жасап бердім. Ол бала кезінен спортпен шұғылданады және Головкиннің жанкүйері", - деп жалғастырды Ілиясов.

Думанның айтуынша, аты аңызға айналып кеткен Геннадий Головкинмен кездесу - оның бүгінгі күні  қалайтын басты армандарының бірі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар