Не істерімді де білмеймін: Аружан Саин Абай ауылындағы 7 жасар балаға көмек керек екенін айтты
Абай ауылындағы баланың мәселесімен бастан-аяқ өзі жүрген қоғам қайраткері жеткіншек отбасымен бірге баспанаға мұқтаж екенін жеткізді
Қоғам қайраткері Аружан Саиннің айтуынша, балақай отбасымен бірге олардың қауіпсіздігі үшін Абай ауылынан Алматыға көшуі керек. «Баланы қорғау үшін, болашағы жарқын болу үшін оны отбасымен Алматыға көшіру керек. Отбасы ауылдаға үйін сата алмай отыр. Сондықтан анасы маған хабарландыру жасауды өтінді», – дейді Аружан Саин. Аружан Саинның сөзінше, үй 5 млн теңгеге сатылады. Ол ақшаға қаладан ипотекаға баспана алып, алғашқы жарнасын құймақ. «Ауылдағы үйді анасы мен әпкесі 8 жыл жүріп әрең алған. Соңғы тиынына дейін үйге берген. Біз аша жинап, үй алып бере алмаймыз. Басқа жағын ойластыру керек. Біз тергеу комитеті ретінде зардап шегушілерге құқықтық көмек бере аламыз. Менен баспана мен ақша сұрайтындар көп. Оның бәрін шеше алмаймын. Не істерімді де білмеймін. Бірақ мына баланың тағдырына бейжай қарай алмаймыз», – дейді ол. Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның Бас прокуратурасы Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын растаған болатын. Кейіннен баланың қорғаушылары бұл іске қатысы бар адамдардың бәрін жазалауды талап етті.