Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Отандық киімдер одан жаман емес: Елбасы италиялық қымбат костюм киетін шенеуніктерді сынап тастады

Отандық киімдер одан жаман емес: Елбасы италиялық қымбат костюм киетін шенеуніктерді сынап тастады
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы шенеуніктерді отандық өнімдерді пайдалануға шақырды

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте елбасы Қазақстанда тігілетін киімдердің италиялық брендтен еш кем емес екенін айтты. Сондай-ақ бағасы да әлдеқайда арзан екенін атап өтті.

"Біз осы жылдардың ішінде отандық жеңіл өнеркәсіпті жоғалтып алдық. Өзімізде тігілетін костюді қанша киіп жүрсем де, барлықтарың мына жерде Брионимен отырсыңдар. Қазақстанда тігілетін костюмдер одан жаман емес", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оған қоса, елбасы батыс елдерінде байлықты көрсетпейтінін, ал бізде жарыса жариялайтынына шүйлікті.

"Батыста бай адамдар өзінің бай екенін елдің алдында көрсетпейді. Нағыз бай адамдар солай болады. Ал біздікі «менің машинам ананікінен жақсы, үйім биік» деп көрсетуі керек. Бұл нағыз сауатсыздық саналады. «Ұлық болсаң, кішік бол», деп қазақ неліктен айтқан? Байлықты біреу көреді,біреу көре алмайды", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың байлары мемлекет саясатының арқасында осындай дәрежеге жеткенін айтты. Сондай-ақ, елбасы оларға туған ауылдарына барып, әлеуметтік нысан салдыруды ұсынды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар