Басты жаңалықтар

Жүйені өзгертіңіз Елбасы.Белгілі заңгер Атыраулық шенеуніктердің былығын әшкереледі

Айгүл Орынбек : Атырау Ішкі Істер Департаменті басшысы Аян Дүйсембаевтың казиноға қыруар қаржыны салғанына қарап, ол жақта халық параны жүз миллиондап емес миллиондап беретініне көзім жетті

Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Атырау Ішкі Істер Департаменті басшысының казинода ұтылған видеосын көріп, пікірін білдірген еді. "Жемқорлыққа батқан Атырау. Бүгінгі Атырау Ішкі Істер Департаментінің басшысының казинода ұтылған видеосын көріп, жекеме шығып жүрген халықтың жан айқайын түсінген сияқтымын. Ол жақтағы құзырлы органдағы кейбір жемқорлар, параны жүз мыңдап емес, миллиондап алатына көзім жетті... Судья 80000 $ сұрады дегенде, әпиттері зор екен деп таң қалған едім. Сөйтсем бұл таң қалатын дүние емес екен ғой. Бір жігіт жазып еді: " Атыраудан тергеу кезінде 10000$ тауып бере алмаған соң жазықсыз қамалып кеттім"- деп. Сол әңгіменің шындығы шығып тұр. Халық өзін ақтап алу үшін ақша беру керек, ал біреулер өзге елдің казиносында миллион долларлап ұтылады. Жүйенің шірігендігі, құлақ кесіп, ұрып тепкілеп есігінің алдына мал сияқты әкеліп тастайды, ол істі Атырау құзырлы органдары қарамайды. Ал балық аулауға рұқсат қағазы болсада, заңды ауланған балық үшін 7-8 жылға қамап жібереді. Жекеме шығып жатқан қаншама балықшылар отбасы бар. Судьяларды парамен ұстатып, өзі сол үшін қысым көріп жүрген азаматтардың сөздері рас болып шығып отыр. Мемлекет үшін, Атыраудың жергілікті атқарушы билігі үшін мен ұялып отырмын.  Қаншама жазықсыз азаматтар темір тордың ар жағына, ақша тауып бере алмаған соң қыршын кетті. Жүйені өзгертіңіз Елбасы! Халық шаршады жемқорлардан!"- деп жазды Айгүл өзінің парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын желіде  Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсембаевтың казинода ойнап жатқаны түсірілген видео тараған болатын. Бұл бейнежазба халықтың бәрін қызу талқыға салған еді. Ал Аян Дүйсембаевтың өзі бұл оқиғаны  2014 жылы болған деп ақталған.