Қоянбаев Африкадағы кино түсіру сәтінде болған қызықтарын бөлісті
Режиссердің айтуынша, қазақ киносы бұл құрлыққа барып көрмеген
«Түнгі студия» бағдарламасының тізгінін әріптесіне табыстаған Нұрлан Қоянбаев Кенияда кино түсіріп жатқанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Бүгінгі күннің керемет жаңалығы «Бизнес по-казаxски в Африке» туындысының Кениядағы түсірілімін сәтті аяқтадық! Салт-дәстүрі өте өзгеше бұл елден алған әсерімізді ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес! Әрине, бұрын-соңды қазақ киносы бұл құрлыққа аяқ баспағандықтан, түсірілім барысы оңайға соққан жоқ. Бірақ қандай да бір қиындықтарға қарамастан түсірілімнің сәтті аяқталуына зор үлесін қосқан кинокомпанияға алғысымды білдіремін!» - дейді Нұрлан Қоянбаев. Желі қолданушылары өз кезектерінде бұл туындыны асыға күтетіндерін жазып жатты. Көпшілік фильмнің алғашқы бөліміне жоғары баға берген екен.