"Жатысың жайлы болсын": Кальянмен түскен Баян Алагөзова жұрттың қатал сыңына ұшырады(фото)
Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың демалысы кезінде жүктеген суреттері желіде қызу талқыланып, көпшілікке жақпай қалды
Қазірде Баян өзінің күйеуі мен кіші қызымен Мысыр елінде демалып жүр. Отбасымен бірге түскен суреттерін желіге күнделікті жүктейді екен.
Бірақ оқырмандарын фотолардың молшылығымен қаунтпақ болған Алагөзова бәрібір де сыннан қаша алмады. Оның соңғы жүктеген суреті желі оқырмандарының ашуын келтірген.
Аталмыш фотода Баян Алагөзова шалқайып жата қолына кальян ұстап түскен. Суреттің астына ол "Мырза мені ең сүйікті әйелім деп атады" деген жазба қалдырды.
Желідегілер танымал продюсердің жатысы мен зиянды кальянды қолданатынын сынап тастады.
"Қырықтан асып әбден құтырды. Жастарға не тәрбие бересіз?" "Жатысың жайлы болсын. Саған осы кальян жетпей тұр еді" "Сонда тағы басқа әйелдері бар дегені ме?" "Жақсы болыпты кальянды алып, шалқайып жатып. Балқып-шалқып өмір сүріп жатқаныңызды жақсы білеміз", - деп жазды оқырмандары. https://www.instagram.com/p/Bm3rbTjDTxw/?utm_source=ig_web_copy_link