Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауырмашы, анашым: Гүлзира Айдарбековаға ән арнаған Қайрат Нұртас көз жасын тыя алмады (видео)

Ауырмашы, анашым: Гүлзира Айдарбековаға ән арнаған Қайрат Нұртас көз жасын тыя алмады (видео)
ашық дереккөз
Әнші Қайрат Нұртас анасына ән арнап жылап жіберді

Анасына арнайы ән жазған  Қайрат Нұртас көз жасын тыя алмады. Әнші әнді орындатып жатқан сәтін видеоға түсіріп, өз парақшасына жүктеген еді.

Бейнежазбаның астына ол "Ауырмашы, анашым" деген жазба қалдырған. Желі оқырмандары бірден отандық жұлдыз анасының сырқаттанып қалғанын болжап, оған алаңдаушылық білдірді.

Алайда, жазба әншінің жаңа туындысының атауы болып шықты. Анықталғандай, Қайрат Нұртас жақын арада ана жайлы су жаңа әнін тыңдармандарына тарту етпек.

"Хит болайын деп тұр ғо", Құдай қаласа" "Аналарымыз аман болсын. Керемет ән" "Әннің шынымен сізге әсері үлкен екені байқалып тұр. Жаңа туындыны күтудеміз"

"Ауырмасын анаңыз, дені сау болсын" , - деп жазды Гүлзира Айдарбекованың денсаулығына уайымдаған жұрт.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар